БАСТАУ. ОТБАСЫ. АҚ БОСАҒА.

⚜️Отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ерлі зайыптылардың арасындағы қарым қатынасты нығайту мақсатында.

⚜️22 Шілдесінде аудандық «Достық» мәдениет үйінің алаңында аудан әкімдігінің жанынан құрылған «Бастау» ресурстық тобының ұйымдастыруымен «Бастау: Ізгілік қалсын әр ізде…» айдарымен «Ақ отауға — ақ бата», » Қасиетіңнен айналайын қара шаңырақ», » Отан отбасынан басталады» тақырыптарында жас отбасыларға арналған танымдық үш тақырыптың басын қоскан кеңейтілген кеш өтті.

⚜️Аталған шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Жұмашев, аудандық сот төрағасы Бабырхан Әбуов, аудандық билер кеңесінің төрағасы Мұратқали Рахметов, Әкелер алқасының төрағасы Әбуғали Ералиев, аналар алқасының төрайымы Күлбақыт Айтқұлова және аудандық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Нүрилә Мәлібекова, Батагөй қария Сарымсақ ата қатысып, отбасындағы тәлім тәрбие туралы, қара шаңырақтың қасиеті туралы кеңінен түсінік берді.

⚜️Сондай – ақ шараға ауданымыздағы өсіп өнген әулеттің дана әжелері, және олардың келіндері мен немерелері қатысты.

⚜️Шара барысында жас отбасыларға неке куәліктері табысталып, «Қалың қалай, ақ келін?» айдармен келіндерді және өмірде жігер беретін, дұрыс өмір сүруге бағыттайтын «Тамшы сөз бен қамшы сөз» айдарымен күйеу жігіттер сұрақ-жауап, нақыл сөздерден ойтанымдық жарыс ұйымдастырылды.

⚜️Шараның соңы ашық аспан астындағы ұйымдастырылған
«Отан отбасынан басталады» айдарымен жас жұбайларға өмірлік кеңестер берілді.
Жуалы ауданы