«ЖАСТАРҒА КЕҢЕС» атты көшпелі кеңес беру алаңы өткізілді

2022 жылы 22 шілде күні «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен Б.Момышұлы ауылының Аудандық орталық ауруханасының алдында «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасын іске асыру аясында жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, ауданда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету және жастарға мемлекеттік бағдарламаларды тереңінен түсіндіру мақсатында «ЖАСТАРҒА КЕҢЕС» атты жастарға көшпелі кеңес беру алаңы өткізілді.
☑️Көшпелі кеңес беру алаңында Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, «Жуалы аудандық орталық ауруханасы» Профилактика және Әлеуметтік психологиялық көмек көрсету бөлімінің «Сенім» жастар денсаулық орталығының мамандары келіп, жастардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.
Көшпелі кеңес беру алаңына 14-29 жас аралығындағы жұмыссыз жастар, аудан тұрғындары, жеке кәсібін ашатын немесе кәсібін дамытушылар, жоғары және орта арнаулы оқу орнын бітіруші студенттер тартылды.
Алдағы уақытта да осындай кеңес беру алаңдары жалғасын табатын болады.