Ертең «Жұрындысай» балалардың жазғы сауықтыру демалыс лагерінің кезекті төртінші маусымы басталады.

Балалардың демалыс орнында жалпы саны 4 маусым қарастырылып, Таластық 400 оқушының демалуына жағдай жасалған. Мұнда әлеуметтік аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардың балалары тегін демалады.

Демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануы үшін лагерь қызметкерлері түрлі спорттық ойындар мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырып, 3 мезгіл тамақтандыру жолға қойылған.

4-маусымға жолдама алған 100 бүлдіршін 10 күн бойы жазғы демалысын қызықты әрі есте қаларлықтай етіп өткізбек. Лагерь директоры Мейіржан Жақсымбетовтың айтуынша, балалардың жазғы демалысы – жаңа оқу жылына тың серпін беретіні анық. Сондықтан, лагерь ұжымы бар күш-жігерін салып, жоғары деңгейде қызмет көрсетуде.

Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызмет