Таразда көктемгі көріктендіру, көгеріштендіру жұмыстары бойынша тал-дарақтар отырғызылып жатыр.

Бүгін Тәуке хан даңғылындағы көпірден бастап Төле би көшесінің жиегін бойлай 215 түп туя ағашы, 6 түп қарағай көшеті отырғызылуда.
Сондай-ақ бүгін Тараз қаласының барлық округтерінде санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілуде.
Алдағы уақытта да ағаш егіп, айналаны абаттандыру жұмыстары жалғасады.

Тараз қаласының әкімдігі