Нәзіктік

1. Уақыты келгенде, сенімен бірге жаңбырдың тырсылын тыңдағысы келетін серіктес іздейсің.
2. Нәзіктік. Басыңнан көбелек сипағандай немесе өзі кеп иығыңа қонғандай.
3. Жалғыздық та сендік орта.
4. Егер сүйіп қалсаң, адам емес, жұпарға айналасың. Жер басып жүрмейсің, ұшып жүресің. Ғашықтықтың осы күйі өмірдегі ең маңызды хәл. Ар жағында – әйелге, жұмысқа, әлемге, өмірге ғашық болғаның аса мәнді емес.
5. Меніңше, қар жауған сәт сиқырлы мезет. Жаңбырдың жауғаны, жапырақтың суылдағаны – адам өміріндегі ғажайып сәттер. Егер ажал құшу қиын болса, тек осындай ғажапты қимағаннан. Бұл өмір туралы қойылым, өмірдің өзі сиқырлы мезет…….