Тараз қаласы чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өткізілді

Бүгін жекеменшік футбол клубтары арасында Тараз қаласы чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өткізілді.
Жеңімпаздарға алғыс грамоталары мен сыйлықтар табысталды.

Чемпионат 2022 жылдың 1 маусым – 9 тамыз аралығында өтті.
Жарысты ұйымдастырушы – Тараз қаласы әкімдігі мен Жамбыл облысының футбол федерациясы.
Жарыс 4 жас ерекшелігі бойынша 2006-2007, 2008-2009, 2010-2011 жылдары туылған жасөспірімдер және 2012-2013 бүлдіршіндер арасында Ұлан стадионы және Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізу орталығының №4 кіші-футбол алаңшасында өткізілді.

12 жеке меншік футбол клубы, 720-дан астам спортшы қатысты:
1. «Жамбыл жастар» ФК
2. «Сұңқар» ФК
3. «Стар кидс» ФК
4. «Жас Тараз» ФК
5. «ӘулиеАта» ФК
6. «Профутбол» ФК
7. «Атлант» ФК
8. «Регион-08» ФК
9. «Регион-01» ФК
10. «Хет-трик» ФК
11. «Дантист-2012» ФК
12. «Дантист-2013» ФК
— Жарыс қорытындысы бойынша 2012-2013 ж.т. бүлдіршіндер арасында
ІІІ орын «Сұнқар» командасы,
ІІ орын «Профутбол» командасы,
I орын «Регион-01» командасы иеленді.
— 2010-2011 ж.т. жасөспірімдер арасында
ІІІ орын Регион-01 командасы,
ІІ орын ЖамбылЖастары командасы,
I орын Сұнқар командасы иеленді.
— 2008-2009 ж.т. жасөспірімдер арасында
ІІІ орын Әулие-ата командасы,
ІІ орын Сұнқар командасы,
I орын ЖамбылЖастары командасы атанды.
— 2006-2007 ж.т. жасөспірімдер арасында
ІІІ орын Сұнқар командасы,
ІІ орын Профутбол командасы,
I орын ЖамбылЖастары командасы иеленді.

Тараз қаласының әкімдігі