Өмір ешкімнің ақысын жемейді…

Есіңде болсын, өмір ешкімнің ақысын жемейді. Бір жамандықтың бір жақсылығы бар. Қыс артынан жаз келеді қашанда. Соны күт. Өзіңді дарқан ұста. Жүрегіңнен мейірім нұры төгіліп тұрсын. Адам үшін ең асыл қасиет сол. Зауал шағыңда көңіліңе талшық етер бір ғана медеу — сол адастырмас адамшылық шырағы. Жалғанда оңай бақытқа, әсіре қызыл тәттіге үйір болма…Бақыт дегеннің өзі де салыстырмалы нәрсе.Табиғат пендесіне болымсыз өмір, тойымсыз көңіл берген. Екі аяғы бірдей жоқ адаман гөрі, бір аяғы бар кісі бақыттырақ…

© Қабдеш Жұмаділов