Бірде оқытушы қолына су құйылған құтыны ұстап, шәкірттерінен:

— Мен бұл құтыны 5 минут ұстап тұрсам не болады? — деп сұрапты.
— Ештеңе,- деп жауап береді шәкірттері.
— Ал бір сағат ұстап тұрсам ше?
— Қолыңыз талуы мүмкін.
— Бір күн бойы осылай тұрсам не болады?
— Онда сіздің қолыңыз жансызданып, тіпті иықтарыңызға дейін ауыруы мүмкін,- дейді шәкірттер.
— Мен құтыны ұстап тұрғанда оның ішіндегі судың салмағында өзгеріс бола ма? — дейді енді ұстаз.
— Жоқ.
— Онда қолым мен иығымның ауыратыны қалай?
Бұл сұраққа жауап таппай, шәкірттер тосылады.
Сонда ұстаз:
— Өмірдегі сәтсіздіктер де осы құты секілді. Неғұрлым оларды ойыңда ұзақ сақтап жүрсең, сондық олар сенің мазаңды алады, санаңды жансыздандырып, жүрегіңді ауыртады.
Сондықтан, әр сәтсіздіктен өзіңе тиесілі сабақты алған соң, ол жөнінде ойламаған дұрыс. Күнделікті ұйқыға жатарда сананы да, жүректі де жаман ойдан тазартқан жөн, — деген екен.