Сауда орталықтарындағы сауатты жарнама

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің басты тірегі. Осы мақсатта Түркістан қалалық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қаладағы «Қуаныш» базары аумағында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабы талаптарын түсіндіру бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Түсіндіру барысында кәсіпкерлерге көрнекі ақпараттың, жарнамалардың, маңдайшалар мен баға көрсеткіштерінің мемлекеттік тіл туралы заңнама талаптарына сәйкес рәсімделуінің маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.

Тіл – ұлттың жаны, елдің айнасы. Сондықтан мемлекеттік тілге құрмет – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Сонымен қатар, орталық «Адал азамат» идеалдарын қалыптастыру жөніндегі жол картасы шеңберінде тіл үйренушілердің кәсіби және жеке қасиеттерін дамытуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметшілердің тілдік қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру мақсатында тұрақты түрде Speaking Club өткізілуде. Бұдан бөлек, Түркістан қаласы аумағында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес көрнекі ақпараттар мен жарнама мәтіндеріне қатысты түсіндіру және әдістемелік көмек көрсету жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында түрлі семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, акциялар және өзге де мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады. Орталық мамандары тұрғындарды тілімізге салғырт қарамай, заң талаптарын сақтап, мемлекеттік тілдің мәртебесін бірге көтеруге шақырады.