Сапалы қызмет-басты міндет

Бүгін Меркі ауданының әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы Меркі шипажайының жұмысымен танысты.

Шипажайдағы келушілерге жасалған жағдайды назарға алған аудан басшысы шипажайдың техникалық директоры Сәбит Тоқбергеновке демалушылар мен қонақтарға сапалы қызмет көрсетуді тапсырды.

Одан кейін, Жорабек Нұрмергенұлы Меркі шипажайы елді мекенінің тұрғындарын толықтай ауыз сумен қамту жобасын зерделеді. Ауыл әкімі Ғазиз Байарыстан мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ербол Акекке бірқатар тапсырмалар берді.

Көркем Асқар