Емханалардағы кезекті қалай жоюға болады?

Бүгінгі таңда кезек мәселесін шешу үшін дәрігердің қабылдауына немесе медициналық қызметке кез келген күні және белгілі бір уақытта жазыла алатын Ақпараттық жүйелер құрылып іске асырылуда. Облыс бойынша қымбат тұратын аппараттар жылдан жылға көбейіп іске қосылуда, КТ-18, МРТ-9 бар. 2021 жылы мемлекеттік міндеттемелерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында «Мейірім» Медициналық орталығымен Талас және Қордай аудандық орталық ауруханаларына қымбат тұратын КТ аппараты қойылды. Облыс бойынша аппараттары жоқ аудандар келісім шартқа отыру арқылы қызмет түрін ала алады. КТ және МРТ кестесі басқарманың және медициналық ұйымдардың сайтында көрсетілген (МҰ атауы, мекен жайы, сағаты, кенесші маман байланыс нөмірі).

Емханаларда дәрігерлер жиі ауысу мәселесіде бар. Облыста жыл басына дәрігерлер тапшылығы 2021 жылмен салыстырғанда 1,5 есе төмендегенмен дефицит сақталуда, есепті кезеңде 150 бірлік, оның ішінде 73 маман аудандарға қажет. Аудандарға келген 26 жас маман (2021 ж. – 4, 2020 жылы 11, 2019 ж. 11) республикалық бюджет есебінен тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау 1500 ЕАК-тен аспайтын сомада бюджеттік кредитпен қамтамасыз етілді.

Кадрлардың тапшылығы мәселесін шешу мақсатында жергілікті бюджеттен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бар кадрларды даярлау үшін гранттар бөлінеді. Атап айтқанда, ЖАО грантымен С.Д.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина универитетінде жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін жалпы медицина мамандығы бойынша 32 білімгер, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін 50 дәрігер резидентурада оқиды. Қалаға жұмысқа келген мамандарды тұрақтандыру мақсатында медициналық ұйымдар қолдау шараларын қарастырған.

Асет Калиев