Қолдау көп

Бизнес-әлеуеті бар халық санының өсуі және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту облыста кәсіпкерлік саласындағы жұмыспен қамту көрсеткіштеріне оң әсерін тигізді.
Басқарманың мәліметінше, Жамбыл облысындағы жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасы туралы ақпарат төмендегідей.
2021 жылы Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасы аясында 1 884,0 млн. теңге қаражат қарастырылып, 227 адамға несие беру жоспарланған.
Жалпы бүгінгі күнге 1884,0 млн. теңгеге 588 үміткерлер пулы жасақталып, 1 830,3 млн. теңгені құрайтын 350 жоба қаржыландырылды (Жамбыл ауданы – 24 жоба 140,6 млн. теңге, Меркі ауданы – 45 жоба 208,6 млн. теңге, Талас ауданы – 31 жоба 183,7 млн. теңге, Байзақ ауданы – 57 жоба 304,7 млн.теңге, Сарысу ауданы – 26 жоба 144,1 млн. теңге, Шу ауданы – 14 жоба 66,5 млн.теңге, Т.Рысқұлов ауданы – 49 жоба 225,5 млн.теңге, Жуалы ауданы – 31 жоба 137,0 млн.теңге, Мойынқұм ауданы – 10 жоба 37,2 млн.теңге, Қордай – 39 жоба 168,4 млн.тенге, Тараз қаласы – 24 жоба 214,0 млн.теңге;).

Көркем Асқар