Кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндік

«Қарапайым заттар экономикасы» жобасы кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді. Бұл – кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндік.
Бүгінгі таңда Қазақстанда «қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр.
Жамбыл облысында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы нәтижелі түрде іске асырылуда.
Бағдарлама аясында жалпы сомасы 93,1 млрд. теңгені құрайтын 239 жоба қарастырылуда, оның ішінде жалпы сомасы 69,6 млрд.теңгені құрайтын 187 жоба мақұлданды, оның ішінде 60,0 млрд.теңгеге 185 жоба қаржыландырылды. 2022 жылы несие сомасы 791,6 млн. теңгені құрайтын 4 жоба қаржыландырылды (ЕДБ арқылы 791,6 млн.теңгеге 4 жоба).
Бағдарлама шеңберінде 3166 жаңа жұмыс орнын құру көзделуде, салық төлемдерінің өсімі 9,1 млрд.теңгені құрап, өндірістің ұлғаюы 92,9 млрд.теңгеге өсуі жоспарлануда.

Көркем Асқар