Машина жасау – әлеуетті экономика тұғыры

Өндірісі өркендеген кез келген елдің дамыған экономикасының маңызды көрсеткіші машина жасау өнеркәсібі болып табылады. Өркениет биігіне ұмтылған тәуелсіз Қазақстан да өзінің экономикасын әртараптандыру үрдісінде машина жасау саласын дамытуға барынша ден қойып келеді.
Жамбыл облысында бұл салада 2022 жылдың қаңтар-маусымында 6,4 млрд. теңгеге өнім өндіріліп (2021 ж. – 2,2 млрд. теңге), НКИ – 120,1% құрады. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі – 2,3%.
Саладағы өнім көлемі «ЖамбылРемСервис» ЖШС, «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалдарында (Шу локомотив жөндеу зауыты және Тараз локомотив жөндеу депосы) жөндеу жұмыстарына көрсетілетін қызметтер есебінен қамтамасыз етілді.

Көркем Асқар