Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, Қарағанды облысында «Жастар-жастарға» ақпараттық-түсіндіру керуені жобасы іске асырылуда.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, жастардың хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында 2009 жылдан бастап облыста мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Жастар-жастарға» ақпараттық-түсіндіру керуені жобасы іске асырылуда.

Керуен сапарының негізгі мақсаты — кеңес беру, жастар бастамаларын қолдау, жастар саясаты саласындағы қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру.

 

 

Керуен құрамына мемлекеттік, аумақтық бағдарламалар мен жобаларды іске асыратын мүдделі мемлекеттік органдардың (жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, мәдениет, спорт, білім басқармалары, «Атамекен» ҰКП, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ және т.б.) өкілдері кіреді.

Керуен жұмысына білікті психологтар, танымал медиа тұлғалар, жастар саясатын дамытуға үлес қосып жүрген сарапшылар және т. б. тартылады.

Бұдан басқа, керуеннің тиімді жұмыс істеуі мақсатында ішкі саясат бөлімдері мен ЖРО-ның келісімімен жастар ортасындағы СРО-ны ескере отырып, қалалар мен аудандардың нақты елді мекендерін көрсете отырып, «Интерактивті жол картасы» әзірленді.

 

 

Керуен өз жұмысын уәкілетті органның келісімі бойынша эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, тамыз айының 17-і   күнінен бастаған болатын.

Бүгінгі таңда «Жастар-Жастарға» керуені Ұлытау ауданында, Жезқазған ауданының Кеңгір кентінде, Жаңаарқа ауданынының Жәйрем мекенінде, Балқаш, Приозерск қалаларында болды.

Қыркүйек айында эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, басқа аймақтарға сапарға шығу жоспарлануда.

 

Жомарт Шаймұрат