Қазақ екенін дәлелдесін

Аса мәртебелі Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Қараңызшы, қандай әдемі балалар!
Бәріміздің де осындай сүйкімді балаларымыз, немере – шөберелеріміз бар емес пе?!
Қалай көзіңіз қиып, дәтіңіз шыдап, жат қодында, ажалдың апанында қалдырасыз мына періште ұлдар мен қызды?!
Көздері жәудіреп, жүректері дүрсілдеп, Сіз басқарып отырған Қазақстанынан ғана үміт күтуде байқұстар! Қазақстанға жетсек деп, Құдайға жалынып-жалбарынумен отырғанын көріп, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылдық қой біз сорлы!
Ертең, Құдай оның бетін ары қылсын, бастарына бір қатер төніп, қыршындарынан қиылып кетсе, обалына бірінші кезекте мен емес, Сіз қаласыз ғой!
Анау безбүйрек министрлеріңізден біз шоши бастадық. Өз аулаларыңызбен қатаң тапсырма беріңізші, дұрыстап іске кіріссін!!
Бұл жай қарайтын мәселе емес, тікелей қазақтың тағдыры!!!
Анау-мынау деп, себеп көрсетуді доғарсын, Қазақстан әлемдегі қазақтан ешқашан ешқайда қашып құтылам деп ойламасын!!
Әлемдегі бар қазақ — бір қазақ! Дүние жүзіндегі барлық қазақтың тарихи жауапкершілігі Қазақстан Республикасының мойнында!!!
Егер, біз бұл қазақтарды құтқармасақ, Алла ертең олардың басындағы осы тағдырды біздің немесе біздің ұрпақтарымыздың басына салуы әбден мүмкін!!
Мемлекет деген осындай сын сағатта өзінің мемлекет екенін көрсете білуі керек қой!!!
Құрметпен,
Ауыт МҰҚИБЕК
20.08.2021