Қарағанды облысында этносаралық келісімді нығайту мәселелері дөңгелек үстел басында талқыланды

Қарағанды қаласының Достық үйінде бірлік күні қарсаңында және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30-шы және 31-ші сессияларының қарсаңында «Жаңа Қазақстан – мызғымас бірлік мекені» атты дөңгелек үстел өтті. Этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жұртшылық ашық диалог форматында этносаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту, әлеуметтік проблемаларды шешу жолдары туралы өз пікірлерін білдірді.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек этномәдени бірлестіктердің Бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін жүргізіп жатқан жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.

 

 

– Әлемдегі жағдай біздің ең басты жетістігіміз – бұл бейбітшілік екенін бұрынғыдан да жақсы көрсетеді. Біз оны болашақ ұрпақ үшін сақтауымыз керек. Көп ұлтты ел үшін Ассамблеяның рөлін бағаламау немесе асыра бағалау қиын. Біз үлкен отбасымыз. Кез-келген отбасында кейде сұрақтар туындайды. Бірақ этномәдени бірлестіктердің арқасында олардың барлығы жедел шешілуде, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек. – Ассамблея алаңы – бірегей алаң, біз оны белсенді түрде пайдаланамыз. ҚХА-ның өңірдегі әлеуметтік-саяси жағдай мен экономикалық тұрақтылыққа қосқан үлесі зор.

 

 

Сондай-ақ, кездесуде өскелең ұрпақты тәрбиелеу, отбасы институтын сақтау, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру мәселелері талқыланды.

– Көп жылдық тәжірибесі бар педагог ретінде мен кез келген елдің бірлігі мен игілігінің негізі – ақылды және тәрбиелі балалар деп санаймын. Біздің еліміздің болашағы оларды біз қалай тәрбиелейтінімізге байланысты болады. Сондықтан біз балаларды тәрбиелеуге мектептерде де, отбасында да үлкен көңіл бөлуіміз керек. Ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерге сай тәрбиеленген жан-жақты дамыған жастар ғана жарқын болашақ құра алады, – деп есептейді Қарағанды облысы ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі Ы. Алтынсарин төсбелгісінің иегері Күліш Төлеуханова.

 

 

Дөңгелек үстел соңында қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысқаны және жаңа қазақстандық қоғамды құруға қосқан үлесі үшін облыс басшысының атынан Вилен Молотов-Лучанский (еврей мәдениеті орталығы), Виталий Тварионас (Литва ұлттық-мәдени орталығы LITUANICA), Деспина Касапиди (грек мәдени орталығы «Понтос»), Виктор Кисту («Видергебурт» неміс орталығы), Лилия Ким (кәрістердің этномәдени бірлестігі), Рамис Ширинова («Дағыстан» ұлттық мәдени орталығы), Михаил Коновалов( ҚХА мүшесі), Рустам Бузяков (ҚХА мүшесі) секілді қоғамдық бірлестіктердің төрағалары мен мүшелеріне алғыс хаттар табыс етілді.

Достық Үйінің фойесінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған балалар суреттерінің көрмесі ұйымдастырылды.

                                                                                              Жомарт Шаймұрат