Қарағанды облысы тұрғындарының 30 пайыздан астамы жұмыспен қамтылған

Мүгедектігі бар Қарағанды облысының жұмыспен қамтылған тұрғындарының үлесі 36,1%-ды құрайды. Бұл 2022 жылдың соңына дейін жоспарланғаннан да көп (28,5 %).
Мемлекет басшысы мүгедек адамдардың табысын арттыруға және олардың отбасыларының өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше назар аударуды тапсырды. Осыған байланысты бизнесті ынталандыру үшін шаралар қабылдануда және жұмысқа орналасуға квоталар бөлінуде.
Биыл Қарағанды облысында 80 кәсіпорын анықталды, онда 207 адамға квота белгіленген. Олардың қатарында ауруханалар, мектептер, жеке ұйымдар, коммуналдық кәсіпорындар бар.
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар 244 тұрғын өзінің материалдық жағдайын жақсартты. Квота бойынша олардың 24-і жұмысқа орналасты.
Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталықтарына 816 Мүгедек адам жүгініп, 735 адам жұмысқа орналасты.
Бос жұмыс орындарына — 324, әлеуметтік жұмыс орындарына — 26, қоғамдық жұмыстарға — 343 қарағандылық жіберілді.
Жастар тәжірибесіне сегіз адам қатысты. Тағы төртеуі «Бірінші жұмыс орны» жобасын іске асыру аясында жұмыс тәжірибесін алу мүмкіндігін пайдаланды.
Кәсіптік оқытуға 30 адам келісті.

Жомарт Шаймұрат