Жас отбасы жайлы жыр жазу!

Модератор:
Қайырлы күн! Нұрзат Нұрмағанбетұлы!
Мадина Дулатқызы!
Сұхбатты беруге келіскендеріңізге көп рақмет!

Модератор: Ең алғашқы таныстықтарыңыз қалай басталды? Өмірлеріңіздегі қызықты керемет көріністерді қалай жеткізе аласыздар?
Мадина: Жолдасым екеуіміз мектеп кезінен таныспыз, екеуіміз де мектепте белсенді оқушылар қатарынан болатынбыз. Бірақ тағдыр бізді болашақта да кездестіреді дегенді қанша ұйықтасам да түсіме кірмепті. Мен Ұзынкөл ауылында мектепте тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, және ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмыс жасағанмын. Сол кезде ауданға мектепте атқарған жұмыстарымыз туралы есеп беруге келетінбіз, сол кезде көрісіп, мектеп кезімізді еске алып, ары қарай араласып кеттік. Содан бері әлі күнге дейін жұбымыз жазылмай келе жатыр. Мүслім атты ұлымыз бар. Аллаға шүкір!
Модератор: Отбасы болу ұғымын қалай сезінесіздер?
Мадина: Екі қорғаушыммен өткізген әр күнім керемет деп жауап берер едім бұл сұраққа. Біз “Отбасы- бақыт мекені” қағидасын негіз ретінде ұстанамыз. Үйге келгенде сыртта қандай жағыдай болмасын, жақсы көңіл күймен кіріп, әр күнімізді шаттыққа толы болғанын қадағалап отырамыз.
Модератор: Отбасы болғасын ыдыс-аяқ сылдырлауы ақиқатты жағдай. Сол сәттерде қалай шығып кете аласыздар?
Мадина:Құдайға шүкір ыдыс-аяқтарымыз әлі күнге дейін сылдырламаған. Себебі, бір-бірімізді өте жақсы түсінеміз және ұрыстан ешқандай жақсылық таппайтынымызды білеміз. “Сөз сүйектен өтеді” деп дана халқымыз тегін айтпаған. Әр айтылған сөздің салмағы болу керек. Сөзімізді ретімен жұмсасақ, ыдыс-аяқтарыңыз аман қалады)

Модератор:Сіздерді ауданның абыройлы тату-тәтті отбасы деуге толықтай негіз бар. Көз тию дегенге сенесіздер ме?

Мадина:Көз тию дегенге әрине сенеміз. Бірақ аса қатты назар аудармауды құп көреміз. Ұлыма әр түрлі көз моншақ, маңдайына күйе жағып емес, Құдайдан сұрап көз тиюден сақтанамыз. Себебі көз моншақ және тағы басқа Құдайға серік қосу деп білеміз.
Модератор: Аудан үшін жасаған игілікті жұмыстарыңызды айта аласыздар ма?
Мадина: Аудан үшін, ауданның абыройы үшін мектеп кезінен күресіп келеміз. Қандай жарыстар болмасын жүлделі орындармен оралатынбыз. Аудан мектептерінде жұмыс жасап саналы ұрпақ тәрбиелеудін өзі ауданға деген сіңген еңбегіміз деп ойлаймын. Күйеуім екеуіміз де ұстаздық жолың таңдадық. Себебі, ауданымыздан Абай сияқты ақын, Шәмшідей композитор тұлғалар шыққанын қалаймыз.
Модератор: Барша отбасыға деген тілектеріңіз?
Барша отбасыға тілейтініміз:
Өмір деген ақ пен қара жолағы,
Бәрі Алланың қалауымен болады.
Сіз-біз деп өмір сүрсек бұл күнде
Әр үй бақыт-шаттыққа толады.

Тілейтінім барша отбасылы жандарға
Көрменіздер жамандық бұл жалғанда
Шуақ шашып ауыл аймақ, бар маңға
Жүрініздер сыйлы болып әр жанға.
Барша отбасы бақытты болсын!
Модератор: Рақмет! Сіздерге де соны тілейміз!
Дайындаған СММ Менеджер: Аманжол Сұрағанов