Қадірлі Сәуле апайым менің!

Барысты халқымыз киелі санаған.

Тек қырандар ұшатын биікте мекендейтін, азығын да биіктен табатын, төменге түсіп өлексе жемейтін аса бекзат, текті аң.
Өте жүректі, асқан қайратты жыртқыш. Өзі алған аңның етіп жеп, тоят тапқан соң, қалғанына қайта оралмайтын, оны жемтік жейтін қара-құзғынға тастайтын мәрт хайуан.
Халқымыз осынау текті аңды Жыл санауға да енгізгені бекер емес.

 

 

Барыс -тәуелсіз Қазақ елінің символы.

Келе жатқан Барыс жылы ырысты, құтты, берекелі, мерекелі жыл болсын!

2022 жыл -еліміз індеттен арылып, барша халқымыздың денсаулығы мықты болсын!

2022 жыл – бірлік пен татулықтың жылы болсын!
2022 жыл- ана тіліміздің көсегесі көгеріп, мәртебесі артатын жыл болсын!

2022 жыл -ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, жеті тұғырымыз түгенделіп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, төрт құбыламыз тең болатын жыл болсын!

2022 жыл — игі істер мен жаңа бастамалар бастап, табыс пен жетістіктерге толы жыл болсын.

Мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспіз!

 

Elana сайтының ұжымы