Қ.Тоқаев Отан қорғаушылар» ескерткішіне гүл шоқтары қойды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан қорғаушылар» ескерткішінің қасындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
Гүл шоқтарын қою салтанатынан кейін бір минут үнсіздік жарияланды. Еске алу шарасына соғыс және еңбек ардагерлері, мемлекеттік органдардың басшылары, дипломатиялық корпустардың өкілдері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандықтарды еске алу үшін келген Астана тұрғындары қатысты.
Қ. Тоқаев ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады және оларға мықты денсаулық пен игілік тіледі, еліміздің аспаны ашық болуына тілектестігін білдірді.

Адилбек Каба фб парақшасынан