9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз!

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен сіздерді шын жүректен, ЕлАна  сайты ұжымы атынан құттықтаймыз! Адамзат тарихындағы ең ауыр қасіретті соғыстың аяқталғанына 73 жыл өтіпті. Жеңіс күнінің қадірі бәріміз үшін тым қымбат.
Омырауларында жарқыраған орден — медальдарын тағып анадайдан көзге оттай басылатын ардагер ағаларымыз бұл күнді асыға күтеді, қатары жылдан жылға азайып барады
Бұл күн – Жеңіс күні болуымен қатар соғыстан оралмаған үзеңгілес қатарларын еске алып, жанарларынан тамған жас тамшылары өткен күннен белгі беріп тұрғандай.  Қаншама боздақтар ұрыс даласынан қайтпай қалды. Ары мен елінің болашағын намыс найзасына қадады.
Сондықтан да осы қасиетті күнді адалдық пен еліне деген жанқиярлықтың үлгісін еске алуымыз керек
Қадірлі соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақыт-береке тілеймін! Жүздеріңді мұң шалмасын, көңілдеріңе кірбің түспесін, қатарларыңыз азаймасын.  Бізге бейбіт те тыныш өмір сыйлаған батыр бабаларымызға мың тағзым….! Еліміздің іргесі тыныш, басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын ..!

Elana.kz