ПОЗИТИВ» ҚАРҒЫС ТУРАЛЫ

«Бала кезімде бұзық болдым. Әжем әбден ашуланғанда «Даусың жердің астынан шыққыр» деп қарғайтын еді. 15 жылдан бері шахтёрмын. 1500 м тереңдікте кен қазып жүрмін» деді бір жігіт.
«Өсіп-өнгір. Көктеп-көгергір. Мың болғыр. Жапырағың жайылғыр»… Бала күнімде әжелер немерелерін осылай «қарғайтын» еді. Атасы молда болған бір әже «Меккенің имамы болғыр» дейтін зілсіз ғана.

Анар Төлеухан

апаның жазбасынан «Иманың молаңа сыймағыр» дегенді оқып біраз күлдім.

Жақсы сөз — жарым ырыс! Жақсы сөзге ештеңе жетпейді. Қарсыласыңыз «Аузыңнан шығып қойныңа кірсін», «Басыңа көрінсін» деген жағдайда не боларын да ойлап жүріңіз.
Айшуақ Дәрменұлы