БАСТЫ МАҚСАТ-ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСУ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуының негізі» Жолдауында тиімді мемлекеттің негізі – мемлекет пен халық арасындағы сенімді қарым-қатынас. «Халық үніне құлақ асатын Үкімет» тұжырымдамасы – халықтың үніне құлақ асып, әрекет ететін билікке деген сенімді орнату мен нығайтуға негізгі екпін жасалатын бас­ты стратегиялық элемент екендігін айрықша айтқан болатын.

 

 

Бұл дегеніміз — елдің мұң-мұқтажын еститін мемлекет. Тұрғындарға құлақ асатын әкімдік қалыптастыру қажет деген сөз.

 

Осындай мақсатта бүгін желілік кестеге сәйкес ауданымызда жүріп жатқан көшпелі қоғамдық қабылдау Түркістан ауылдық округінің орталығы Әшір Бүркітбаев ауылында да ұйымдастырылды. Ауылдық округке қарасты мекеме басшылары, шаруа қожалық төрғалары, кәсіпкерлік нысан иелері, ауыл тұрғындарының қатысуымен Әшір Бүрктібаев ауылдық клуб үйінің алдына шатыр құрылып, санитарлық талаптарды сақтай отырып өткен шараға Сарысу ауданы әкімі Б.Жақсылықов, аудандық әкімдігінің ауыл шаруашылық, жер қатынастары, ішкі істер бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, ішкі саясат, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, жұмыспен қамту орталығы, ТҮКШ ЖҚ және АЖ бөлімі, аудан әкімі аппаратынан ұйымдастыру – инспекторлық бөлімшесінің бас-инспекторы С.Серғазиев, аудан әкімінің баспасөз хатшысы қатысып, ауыл тұрғындарын қабылдады. Аталған шарада 12 сұрақ қойылып, тиісті жауабы қайтарылды. Сұрақтардың басым көпшілігі ауылдық округтің көше жарығы, жайылымдық жер конкурсы және кәсіпкерлік мақсатта несие алу бойынша қойылған.