Павлодар облысы Баянауыл ауданының әкімі ауысты

Баянауыл ауданы әкімінің лауазымына бұған дейін аудан әкімі орынбасарының қызметін атқарған Кәрімов Қанат тағайындалды.

Жаңа басшыны аудан активіне Павлодар облысының әкімі таныстырды.

Кәрімов Қанат 1964 жылы Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1986 жылы Абай атындағы Қазақ Еңбек Қызыл ту орденді педагогикалық институтын «Тарих, қоғамтану және кеңес құқығы» мамандығы бойынша тәмамдады. Жалпы жұмыс өтілі – 30 жыл, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі – 15 жыл.

Кәрімов Қанат 2012 жылы «Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері» атағымен, ал, 2013 жылы «Құрмет» орденімен наградталды.

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы