Патриотизмді насихаттайтын орталықты білесіз бе?

Түркістан қаласындағы Тілдерді оқыту және дамыту орталығы оқыту жұмыстарынан бөлек түрлі іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарына атсалысып келеді. Орталық өз қызметінде патриотизм, әділдік, бірлік, ынтымақ және сенім қағидаттарын басшылыққа алады. Сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға үлес қосады. Бұл құндылықтар мемлекеттік тілге деген құрметті арттыруға, қоғамдағы өзара сыйластықты нығайтуға, азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – орталық қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Осыған орай жыл сайын Мемлекеттік рәміздер күніне арналған жоспарлы іс-шаралар, танымдық кездесулер, дәрістер, дөңгелек үстелдер мен акциялар қала тұрғындарының қатысуымен тұрақты түрде өткізіліп келеді. Өткен айда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінде Орталықтың  ұйымдастыруымен «Ел рәміздері – азат елдің айбары» атты іс-шара өткізіліп, мемлекеттік рәміздердің тарихи және тағылымдық маңызы кеңінен насихатталды. Іс-шара барысында қатысушылардың елге, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыруға және патриоттық санасын нығайтуға бағытталған мазмұнды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.