Отбасын жоспарлау кабинеті жұмысын жалғастыруда


Болашақ аналар босануға дайындық курстарынан өтуге және жүктілікті жоспарлаудың маңыздылығын ұғынып, түрлі тұқым қуалайтын аурулар, туа пайда болатын ақаулар, жұқпалы және тағы басқа дерттер бойынша акушер, педиатр және психолог сынды мамандардан білікті кеңес ала алады.

Бүгінгі таңда Талас аудандық орталық емханасында бала тууға қабілетті жастағы 8845 әйел тіркелген, олардың 60 пайызы жүктіліктен сақтанудың құралдарымен қамтылған.

Кабинеттің негізгі мақсаты – жастарға, отбасы құрғандарға немесе шаңырақ көтеруді жоспарлап жүргендерге ақпараттық білім беру, соның ішінде медициналық көмек көрсету, сондай-ақ, әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу және олардың туындау факторларын төмендету мәселесі бойынша көмек көрсету.

Қаңтар айынан бастап бұл кабинетте барлығы 1024 пациент кеңес алды.

Асет Калиев,

Жамбыл облысы әкімдігінің

денсаулық сақтау басқармасының басшысы