Аудан жастары арасында спорттық жарыс өтті

Аудан жастары бұқаралық спортты дамыту және насихаттау, тұрғындар арасындағы спортпен шұғылданатын адамдар санын көбейту, бос уақытын тиімді пайдалану, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау мақсатында кешкі спорт түрін ұйымдастырды.

Тир, садақ атудан сынға түскен қатысушылар өзара кіл мықтыны анықтап, көздегенін нысанаға дәл тигізген мергендер арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Бұл үрдісті дәстүрге айналдырған жастар алдағы уақытта спорттың басқа түрінен де бақ сынауға ниетті екендерін жеткізді.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі