15-шілде — гинеколог-дәрігерлердің күні

Гинеколог-бұл әйелдің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың жыныс мүшелері ауруларының алдын-алу, диагностикалау және емдеумен айналысатын дәрігер.

Бұл мамандардың қызметінің маңыздылығын асыра бағалау қиын, өйткені ана мен баланың өмірі мен денсаулығы, көбінесе оларға, олардың тәжірибесіне, білімі мен дағдыларына байланысты.

Әйел денсаулығы туралы айтқанда, акушер-гинекологтарға ерекше маңыздылық беріледі, себебі олар әйелдерге ана болуға көмектеседі, ең маңызды сәтте – баланың туылған сәтінде әйелдің қасында болады.

Кәсіби қасиеттерден басқа, акушер-гинеколог жауапкершілік, шыдамдылық пен мейірімділікке ие болуы керек, ол анаға жанашырлық таныта білуі тиіс. Ана мен баланың физикалық денсаулығы ғана емес, сонымен бірге адамзаттың болашақ ұрпағының денсаулығы да осы кәсіптің адамдарына байланысты.

Сондықтан, аталған кәсіп иелеріне табысты жұмыс, тұрақтылық пен өркендеу тілейміз! Кәсіби жетістіктер биігінен көрініңіздер, құрметті әріптестер!

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы