Ниет болса, Жамбылда жұмыс жетеді

 

Елбасы биылғы жылды Жастар жылы деп белгілегені әмбеге аян. Айтулы жылды өткізу жөніндегі облыста мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың 2019-2020 жылдарға арналған Жол картасы әзірленді. Аталған жол картасында 65 іс-шара белгіленген. Бүгінгі күні оның 11 орындалса, 46 – орындалу үстінде, 8 – жыл соңына дейін жүзеге асырылмақ, -деп хабарлайды «Elana» ақпарат агенттігі.

Есепті жылы облыс әкімі мен Тараз қаласы, аудан әкімдері арасында келісімге сәйкес, жастар мәселесі бойынша 11 меже белгіленген болатын. Олардың 7-еуі жастарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуға бағытталған. Аталған келісім аясында жыл соңына дейін 11 мың (10 943) жасты жұмыспен қамту көзделген. Қазіргі таңда 6758 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, меже орындалғанын өңірлік комуникация қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбековадан естіп білдік.

– Олардың 2 604-і ваканттық бос жұмыс орындарына орналасса, 977-сі қысқа мерзімді кәсіби оқытуға, 1624 түлек жастар тәжірибесіне, 271-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 775-і ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды. Ал, 437 жас «Бизнес-бастау» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолданып, 50-і шағын несие алды, 20 жас қайтарымсыз грант алды.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,4% құрады (2018 ж.- 2,9%). Бұл басқа өңірлер арасындағы ең төменгі көрсеткіш. Республика бойынша көрсеткіш- 3,9%. Жамбыл, Атырау- 2,4%, Алматы, СҚО- 2,9%, Ақтөбе облыстары- 3,0%. NEET (жұмыссыз, оқымайтын) санатындағы жастардың үлесі осы жылдың І тоқсанында 7,8 %-ды құрады (өткен жылы 8,0%). Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде есепте тұрған 4 214 жұмыссыз жастардың 2 604-і (61,8%) тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Облыс бойынша 1 өңіраралық, Тараз қаласы мен аудандарда 27 бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізілді, оларға 16-29 жас аралығындағы 629 жас қатысты (Байзақ-18, Жамбыл-15, Жуалы-250, Т.Рысқұлов-37, Меркі-52, Сарысу-23, Талас-49, Шу-185), – дейді Сұлушаш Сәтбекқызы.

Аймақты өткізілген жәрмеңкелер нәтижесінде 110 жас тұрақты жұмысқа орналасыпты. Оның ішінде ақылы қоғамдық жұмыстарға, кәсіби оқытуға, әлеуметтік жұмыс орындарын, жастар тәжірибесімен екі қолға бір күрек тапқандар бар.

 

Әлім Мұратов

Жамбыл облысы