Мына заманда да арамызда «Балгер» болып жүргендер көп….

Патша Әмір Темір сарайында отырса алдына уәзірінің бірі жүгіріп келіп:
— «Әміршім сіздің сарайыңызға дүниедегі ең мықты балгер келді», — деді.
Әмір Темір кіргізуге бұйырды. Балгер сарайға кіргесін:
— «Уа, Әміршім мен сіздің келешегіңізді және алда болатын жорықтарыңызды болжап беремін,» депті.
Әмір Темір дереу уәзірлерін шақырып, «мына балгердің басын шауып тастаңдар» деп үкім шығарыпты.
Үкім лезде бұлжытпай орындалады. Кейін уәзірлері әміршіден балгерді неге үшін өлім жазасына кескенін сұрайды. Сонда Әмір Темір оларға:
— «Ол оңбаған өзінің келешегін, яғни басының алынатынын білгенде бұл жерге келмес еді. Менің келешегімді қайдан білсін», — деген екен.
Сакен Дүйсенбиев