Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау міндетіміз


Мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамның назарынан тыс қалмауы үшін мемлекетіміз соңғы уақытта көңіл бөле бастады. Мәселен мүгедек жандар 18 жастан кейін де тасада қалмауы тиіс. Үкіметтің берілетін қолдауы, мүмкіндік, қаражаттың қысқартылмағаны абзал. Әсіресе жазылмайтын науқасы бар жандар әдетте қоғамнан тыс, көмексіз қалып қояды. Бұл жағдай қараушы адамға, ата-анаға өте қиынға соғады екен. Елімізде 2020 жылғы статистика бойынша 705 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады, оның ішінде 430 мыңы еңбекке қабілетті жаста, 181 мыңы зейнеткерлік жаста және 94 мыңға жуығы – балалар. Олардың тағдыры да әртүрлі, біреулері туғаннан кемтар болса, енді біреулері өмірде қиын кезеңге ұшырап, мүгедек болып қалғандар. Міне мұндай мүгедек жандарға қамқорлық жасау – бүкіл адамның, қоғамның азаматтық міндеті болмақ. Елімізде туғаннан мүгедек болып және жол — көлік апатына түсіп, әрқилы жағдайлармен жарымжан болып қалғандар жиі кездеседі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында үкіметке қамқорлығында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға ерекше көңіл бөлуді қатаң тапсырған болатын. «Тек ресми статистика бойынша 80 мыңнан астам бала мүгедектігіне байланысты есепте тұр. Үкімет БЦП диагнозы бар балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетуді жақсарту үшін шаралар қабылдауы керек. Балаларға қолжетімді болуы үшін шағын және орташа оңалту орталықтарының желісін кеңейту қажет. Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз. Мен бұл туралы өзімнің сайлауалды бағдарламамда айттым», – деді ҚР Президенті өзінің Қазақстан халқына Жолдауында. Қ. Тоқаев Үкіметке осы мақсатта үш жыл ішінде кемінде 58 млрд теңге бөлуді жүктеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Маңызды мәселе – мүмкіндігі шектеулі адамдарға барынша қолайлы жағдай жасау» деген еді. Бұл ретте, мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелерін заң аясында шешу, олардың қоғамдағы жағдайын жақсартып, қолайлы орта қалыптастыру. Ауылдарды аралаудағы мақсатымыз – сіздермен танысып, жағдайларыңызды біліп, араларыңыздан бір адамды алқа мүшесіне сайлау. Қолымызда қаржы жоқ, демеуші арқылы қызмет етеміз. Мұң-мұқтаждарыңызды тыңдап, шешілмей жүрген мәселелеріңіз болса, аудандық, облыстық басшыларға жеткізу. Мүмкіндігі шектеулі жан деп көбіне шектеліп қаласыздар. Бәріміз тең құқылымыз. Өзім де ІІ топ мүгедектігі бар жанмын» деп атап айтқан болатын.
Негізі мүмкіндігі шектеулі жандар — мемлекеттік — әлеуметтік жәрдемақыны алушылар үш топқа бөледі. Жалпы аурулар бойынша әскери қызметте жарақат алғандар мен мемлекеттік орган қызметкерлеріне арнайы жәрдемақы бекітіледі. Бізде мүмкіндігі шектеулі балалардың саны өте көп. Дегенмен бұлардың барлығы бірдей көмек алмайды. Тіпті біраз ата-аналар мемлекеттің оларға нендей жәрдем беретінін және қандай құқықтары бар екенінен хабарсыз. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі адамдарға беріліп отырған жәрдемақы да аз. Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау ҚР Конституциясы, «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңы бойынша реттеледі.

Шаргүл Қасымханқызы