Мойынқұмда 9 ауыл екпені 100% салғызды

Мойынқұм ауданы бойынша 13794 адам екпе алуы керек болса, бүгінгі таңға оның 12533 екпе салды.
Аудан бойынша 16 ауылдық округтің 9 ауылдық округі екпе салуы керек жоспарды 100% орындады. Олар Ақбақай, Қызылотау, Қылышбай, Биназар, Кеңес, Қарабөгет, Мирный Мыңарал, Ұланбел ауылдық округтері. Дегенмен әлі де аудан халқына екпе егу жұмыстары жалғасуда. Күннен күнге ақпараттандыру түсіндіру жұмыстарының арқасында екпе салуы індеттен құтылудың бірден бір жолы екеніне көз жеткізген халық өз еркімен вакцина алуға баруда. Екпе алуға асығыңыз ағайын! Өзіңізді және жақындарыңызды індеттен сақтаңыздар!