Мойынқұмда 14 ауыл екпені 100% салғызды

Мойынқұм ауданы бойынша 13794 адам екпе алуы керек болса, бүгінгі таңға оның 13 000 екпе салды.

 

Аудан бойынша 16 ауылдық округтің 14 ауылдық округі екпе салуы керек жоспарды 100% орындады. Енді қалған Шығанақ және Мойынқұм ауылдары көрсетілген межені орындаса аудандық көрсеткіш 100% орындалмақ. Дегенмен әлі де аудан халқына екпе егу жұмыстары жалғасуда. Күннен күнге ақпараттандыру түсіндіру жұмыстарының арқасында екпе салуы індеттен құтылудың бірден бір жолы екеніне көз жеткізген халық өз еркімен вакцина алуға баруда. Екпе алуға асығыңыз ағайын! Өзіңізді және жақындарыңызды індеттен сақтаңыздар!