Арзандатылған бағада жәрмеңке өтті

Бүгін аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен ауданда баға тұрақтылығын сақтау мақсатында ет өнімдері, балық және бақша дақылдары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Онда ауданымыздың Жамбыл, Қылышбай, Айдарлы, Хантау, Ақсүйек,Мирный, Биназар, Көкжелек, Күшаман, Мыңарал, Шығанақ, Мойынқұм, Бірлік ауылдарынан ет өнімдері, балық және бақша дақылдары әкелініп төмен бағада халыққа ұсынылды.

 

Атап айтсақ, 1 кг қой еті -1800 теңгеден, балық-600 теңгеден, қауын-қарбыз — 20 теңгеден, пияз-картоп -150 теңгеден саудаланды. Онымен қоса тары-талақан, сүт, алма, алмұрт, қызанақ та сатылымда болды. Жәрмеңке барысын аудан әкімі Ә.Балқыбеков та аралап көріп, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы саласын басқарып отырған орынбасары Е.Әмірхановқа халыққа арнап арзандатылған бағада осындай жәрмеңкені тұрақты түрде ұйымдастыруды және сатылатын тауар түрлерін көбейту қажеттігін тапсырды.

 

 

Қуаныш Көбенғараев-тілші