Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған

Жолдауында қорғаныс-өнеркәсіп кешенін жан-жақты нығайтуға қатысты бірқатар тапсырма берген болатын. «Бұл сала дамыған елдердің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде басты рөл атқарады.
Осы орайда импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік беретін, жергілікті өнім үлесі жоғары өндіріс кешенін құру – аса маңызды міндет» деп атап өтті. Үкімет басшысының тапсырмасымен Barys Dynamics компаниялар тобына кіретін Kazakhstan Paramount Engineering кәсіпорнына барғандағы мақсат — отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамытудағы жаңашылдықтарды көру. Жергілікті өндірісті одан әрі кеңейту, озық технологияларды енгізу және еліміздің инженерлік әлеуетін нығайту — стратегиялық міндет.
Қорғаныс мақсатындағы өнімдер шығаратын кәсіпорында толық өндірістік кезеңмен таныстық. Зауыт қазір жылына 500 бірлікке дейін техника шығара алады, осы уақытқа дейін дейін 400-ден астам машина өндірілген.
Жеке конструкторлық бюроның құрылуы, отандық инженерлердің шетелде дайындықтан, өнімнің беріктігінің сынақтардан өтуі — ерекше маңызды жетістік.
Сондай-ақ роботизацияланған платформалар, жергілікті өндіріс деңгейі 70%-дан асатын байланыс құралдары мен РЛС саласындағы перспективалы әзірлемелер жайлы мол мағлұмат алдық. Қорғаныс-өнеркәсіп кешені үшін мамандандырылған электроника шығару жобаларымен және инженерлік білім беру орталығының жұмысымен таныстық.
Еліміздің қорғаныс саласын жоғары технологиялық әскери техникамен, қазіргі заманғы құралдармен жабдықтау, отандық кәсіпорындарға барынша қолдау көрсету Мемлекет басшымыз жүктеген міндет болып саналады. Бұл міндетті орындау үшін материалдық-техникалық база, тәжірибелі мамандар бар.
Ендігі жұмыс қолда барды жетілдіре түсуге, заманауи технологияларды батыл енгізуге бағытталуы тиіс.