Бүгін Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінде Абай күніне арналған тағылымды іс-шара өткіздік.

Бұл күн – қазақ халқының ұлы ойшылы, ақыны әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын ұлықтап, оның өнегелі өмірі мен шығармашылығын тағы бір мәрте зерделеуге мүмкіндік береді.
Іс-шараға Өзбекстан Жазушылар одағының төрағасы С.Саидов, ӨР Халықаралық қатынастар жөніндегі комитеттің төрағасының бірінші орынбасары Б.Шукуров, ӨР Қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы С.Үсенов, Қазақстандағы Өзбектердің этномәдени бірлестіктерінің төрағасы И.Хашимжанов, ақын-жазушы А.Рүстемов, сондай-ақ шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері қатысты.
Іс-шараға қатысушылар өз сөздерінде Абай шығармашылығының айрықша маңызын және оның әдебиетті, ағартушылықты және рухани мәдениетті дамытуға қосқан зор үлесін атап өтті. Ташкентте Абай күнінің өткізілуі сан ғасырлық достыққа, ортақ тарихқа, рухани жақындық пен бауырлас екі халықтың өзара құрметіне негізделген қазақ-өзбек қатынастарының ерекше сипатының тағы бір айқын көрінісі болды.
Рухани жақындық пен бауырлас екі халықтың өзара құрметіне негізделген қазақ-өзбек қатынастарының ерекше сипатының тағы бір айқын көрінісі болғаны анық.
Абай мұрасы – халқымыздың сарқылмас рухани қазынасы. Оның мәңгілік құндылықтары бүгінгі қоғам үшін де өзектілігін сақтап, ұлттың рухани жаңғыруына қызмет етіп келеді. Осындай игі бастамалар жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, Абай мұрасын кеңінен дәріптеуге өз үлесін қоса береді деп сенемін.
Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов facebook парақшасынан https://www.facebook.com/share/p/1bkFUCsgwV/