Мәшбекұлының мәнері мәлім. Тапсырса, табандап тұрып талап етеді. Тегеурінді. Айтса, атқарады. Созбаққа салмайды.

Бүгін Алматыға барыпты. Сиырқұйымшақтана бастаған нысандарды аралап, «Августты айтпаңдар, шілдеге дейін шашау шығармай, істі ширатыңдар», — деген екен. Онысы орынды. Құрылыс уақыты созылған сайын құны өседі. Кейін қосымша қаржы қажет етеді. Сақалды құрылысқа себеп — сол.
Ең ұнағаны — пәрменді пәрменін қазақ тілінде қадап тұрып айтқаны. «Делайте» демеді, «Істеңдер» деді. Істі ілгерлетіңдер деді. Ендеше, іске сәт, «Біздің әкім»!
Сөз соңында, “Орындалмаса ренжімеңіздер”,- деп қоштасты. Бұл жай ескерту емес.
Соны жұрт та сезіпті. БАҚ жарыса жазды. Ал пікірлерін қарасаң, халық қуанып, оң пікір қалдырыпты. Денi — қызылордалықтар. Әсілі, экс-әкімдерін қимайтын секілді.