Халықаралық музей күніне орай Астана қаласындағы Өнер музейі алаңында ашық аспан астындағы «Музей түні» өтті.

Өнер музейінде қазақ халқының сирек кездесетін, уақыт көлеңкесінде қалып бара жатқан көне музыкалық аспаптарының мол қоры сақталған. «Желбуаз», «Мес сырнай», «Уілдек», «Тастауық», «Мүйізсырнай», «Керней», «Шыңдабыл» сынды бабадан жеткен асыл мұралар қайта жаңғырып, келушілерге таныстырылды.
Бүгінде мұнда 1600-ден астам ұлттық аспап қойылған. Келушілер көне жорық және көшпелі дәуірдегі дыбыстық белгілермен танысып, олардың жасалу тарихы мен үнін тыңдауға мүмкіндік алды. Қазір Өнер музейін елордамыздың туристік тартымды нысандары қатарына енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
В столице в честь Международного дня музеев на площадке «Өнер музейі» прошла акция «Ночь в музее» под открытым небом. Сегодня музей хранит уникальную коллекцию редких казахских музыкальных инструментов, многие из которых едва не были утрачены со временем. Посетителям были представлены такие древние инструменты, как «Желбуаз», «Мес сырнай», «Уілдек», «Мүйізсырнай», «Керней», «Шыңдабыл» и другие бесценные элементы национального наследия.
В настоящее время в музее экспонируется более 1600 национальных инструментов. Гости смогли познакомиться с историей кочевой культуры, услышать звучание древних сигнальных и походных инструментов, а также узнать об особенностях их создания. Сегодня ведётся системная работа по включению музея в число ключевых туристических объектов столицы. Это важный шаг в сохранении и популяризации культурного наследия нашего народа для будущих поколений.