ҚЫЗЫЛДИХАНДА ЖАҢА БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНЫЛУҒА БЕРІЛДІ
🔰Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаев: — «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау, олардың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың ең басты басымдығы. Салалық министрлік болсын, әкімдік немесе құқық қорғау құрылымы болсын, уәкілетті органдардың бәрі өз қызметін мүлтіксіз орындап, жұмысын үйлестіруі керек. Бақытты балалықтың негізі отбасы институты екенін және солай болып қала беретінін түсінген жөн, — деген болатын.
🔰Бүгін Жайылма ауылдық округіне қарасты Қызылдихан елдімекенде жаңа балалар ойын алаңшасы пайдаланылуға берілді. Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов, аудандық алқабилер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сахарай Қырғызбаев, ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен ауыл тұрғындары қатысты.
🔰Жеке кәсіпкер, «Абзал» ЖК -нің директоры Абзал Ахметов құны 11 миллион 44 мың теңге болатын жобаны жүзеге асырды. Алаңша комплекстер, резеңке жабынды, ойыншықтармен қамтамасыз етіліп, жан -жағы қоршалған. Балалардың қауіпсіздігі техникаларына сай келеді.
🔰Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов құттықтау сөз сөйлеп, ауылдық ажарын кіргізетін осындай алаңшалар көп болсын деген тілегін жеткізді. Мұнан соң аудандық алқабилер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек пен аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сахарай Қырғызбаев та ізгі тілегін жолдады.
🔰Жаңа ойын алаңшаның лентасын аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов, аудандық алқабилер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек салтанатты жағдайда қиып, балалардың жарқын болашағына сәттілік тіледі.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы


