ЕЛ ІШІ — ӨНЕР КЕНІШІ

 

🔰Бүгін Игілік ауылдық округі, Өндіріс ауылында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Желбіре, Жеңістің жалауы» атты өнер фестивалі өтті.

🔰Шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов құттықтау сөз сөйледі: — Сарысу — өнер мен мәдениеттің ордасы. Мұнда талай ақын — жазушылар түлеп ұшқан. Игілік жұртшылығы да өз кезегінде ақын — жазушыларымен мақтана алады. Сарысу ауданы, Игілік ауылының суырып салма ақыны, даулескер күйші, жыршысы Мәді Шәутиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты — Маралтай Райымбекұлы, Асылхан және Асхат Зауал Мақанұлы Абзалбековтер, Жамбыл облыстық «Ғұмырдария» ардагерлер газетінің редакторы, Жаңабай Миллионов, ардагер журналист Амангелді Әбілов домбырашы Орынбасар Махамбетов ауылдың мақтаныштары. Қарымды қаламгерлер мен дарынды өнер қайраткерлері туып — өскен өлкенің өнерге кенде емес екеніне күмән жоқ. Құт қонып, береке дарыған киелі Сарысудың өнері мәңгі жасай бермек. Игіліктен шыққан Ұлы Отан соғысының ардагерлері Балтабай Дәуренбеков, Мысалы Махамбетовтың ерліктеріне ел куә. Сондай — ақ, Өндірістің тумасы Сәуленбек Сертекеев, Социалистік Еңбек Ерлері Сәрсенбек Әжіков, Сатай Орманов, Алпамыс Рысбаев, қоғам қайраткері Амантай Назарбековтің елеулі істері елдің жадынан сөнбейді. — деді.

🔰 Өнер фестивалі барысында спорттық ойындар ойнатылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан медальдармен марапатталды. Кеш концерттік бағдарламамен жалғасып, ауылдың өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған көрмелер келушілерді ерекше әсерге бөледі.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы