ҚҰЛАНДЫҚ СТУДЕНТТЕР ЛИМОН ӨСІРУМЕН АЙНАЛЫСУДА
Құлан агротехникалық жоғары колледжінің ауласында орналасқан жылыжай – жас мамандардың тәжірибе алаңы әрі экологиялық білімнің орталығы. 2019 жылы пайдалануға берілген бұл жылыжай бүгінгі таңда студенттердің қолымен күтім көріп, ауданның жасыл белдеуіне өз үлесін қосып келеді.
Мұнда студенттер агрономия мен ауыл шаруашылығының заманауи әдістерін үйреніп қана қоймай, өз еңбектерінің нәтижесін де көреді. Көкөніс пен гүл өсірудің қыр-сырын меңгеріп, табиғатты аялаудың маңызын түсінеді.
Жылыжайда лимон, киви, анар және түрлі көкөніс түрлері өсіріледі.
Құлан агротехникалық жоғары колледжі – ауыл шаруашылығын дамытатын, табиғатты сүйетін жас мамандардың ұясы.

