ҚР сыртқы саясаты тұжырымдамасының мәні қандай?
2020 жылы наурызда Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Бұл құжат елдің ұлттық мүдделерін қорғауға, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға, көпвекторлы және прагматикалық саясатты жалғастыруға арналған.
Негізгі қағидаттары мынадай:
Көпвекторлылық: Барлық шет мемлекеттермен тең, өзара тиімді де тең қарым-қатынас орнату.
Прагматизм: Инвестиция тартып, сыртқы экономикалық байланыстарды өркендету.
Ұлттық мүдде: Мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігін қатаң қорғау.
Басым бағыттары-Өңірлік интеграция: Орталық Азия елдерімен өзара сенім қатынастарын және тату көршілік, достықты нығайту.
Халықаралық ұйымдар: ТМД, ШЫҰ, БҰҰ,ЕАЭО, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымы аясында белсенді жұмыс істеу.
Экономикалық дипломатия: Шетелдік инвестицияларды тарту, жаңа технологиялар алмасу мен Отандық экспортқа қолдау көрсету.
Сыртқы саяси тұжырымдаманың мәні:
Ол Қазақстан халқына, мемлекетке, ұлттық бизнеске сыртқы саяси қызметтен нақты жеңілдіктер алуды мақсат етеді. Аталған құжатта Қазақстанның мемлекет дамуының жаңа кезеңіне шығуы және жаңа экономикалық бағытты қалыптастыруы Қазақстанның сыртқы саясатын жаңа шындықтар мен міндеттер алдына қойып отырғаны айтылған.
Біріншіден, саяси және экономикалық ықпал ету, халықаралық нарықтар мен инвестиция ағындары үшін мемлекетаралық бәсекелестіктің күшеюі жағдайында Қазақстан өзінің әлемдік қоғамдастықтың жауапты қатысушысы, геосаяси және геоэкономикалық координаттар жүйесінің негізгі элементі ретіндегі мәртебесін бекітуі қажет.
Екіншіден, динамикалық өзгеретін жаһандық және өңірлік жағдай жағдайында ел және әлем үшін нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін прагматизм мен жүйелі талдауға негізделген Қазақстанның халықаралық бастамаларын неғұрлым тиімді және жүйелі ілгерілетуді қамтамасыз ету маңызды.
Үшіншіден, «тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес және әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына кіру стратегиялық мақсатын ескере отырып, мемлекеттің, бизнестің мүдделерін ілгерілетуге және қорғауға, және сыртқы периметрдегі мемлекет құрудың негізгі шарты.
Сыртқы саясаттың негізгі принциптері:
— жаһандық саяси, экономикалық және гуманитарлық кеңістікке тең құқылы интеграция; тұрақты, әділ және демократиялық әлемдік тәртіпті құруға жәрдемдесу; қазақстандықтардың және шетелде тұратын отандастардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғау;
— қазақстандықтардың әл-ауқатының деңгейін арттыру үшін қолайлы сыртқы жағдайлар жасау, мемлекеттің сыртқы ашықтығына жәрдемдесу, көпвекторлы, прагматизм және белсенділік, елдің саяси, экономикалық және рухани әлеуетін дамыту; бұл Қазақстан үшін практикалық қызығушылық тудыратын барлық мемлекеттермен, мемлекетаралық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен достық, тең және өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтып, өркендетуді білдіреді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Тұжырымдаманы іске асыру жоспарлары бекітіледі және екі жыл сайын жаңартылып отырады.
Шаргүл Қасымханқызы

