Киелі шаһардағы көптілді қоғам

Түркістан қалалық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2011 жылдың 22 тамызында құрылған болатын. Осылайша Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру және қазақстандықтардың тілдік әлеуетін арттыру жөніндегі бастамаларды жүзеге асыру мақсатында өз жұмысын бастады. Басты миссиясы – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қазақстандықтардың тілдік құзыреттілігін дамыту және көптілді қоғам қалыптастыруға үлес қосу. Орталықтың қызметі нақты айқындалған миссияға, мақсат-міндеттерге және стратегиялық даму жоспарына негізделген.

Орталықтың басым бағыттары да аз емес. Негізінен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заңын кеңінен насихаттауға, Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыруғаға бағытталған. Сонымен қатар Түркістан қаласында мемлекеттік тілді оқыту курстарының жұмысын үйлестіріп, олардың сапасын арттыруға, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін оқыту арқылы тұрғындардың тілдік құзыреттілігін дамытып келеді. Мемлекеттік және шет тілдерін дамыту мен насихаттау мақсатында семинарлар, конференциялар, конкурстар, байқаулар, дөңгелек үстелдер және өзге де танымдық іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысады. Бұдан бөлек мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, тіл мәдениетін қалыптастыруға және қоғамда тілге деген құрметті арттыруға бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде өткізеді. Орталықтың стратегиялық жоспары мемлекеттік тіл саясатын тиімді жүзеге асыруға, халықтың тіл үйренуге қолжетімділігін қамтамасыз етуге және тілдерді оқытудың сапасын үздіксіз жетілдіруге бағытталған.