Ірі өнеркәсіп орындары Сарысу ауданының бюджетіне 10 миллиард теңгеге жуық салық төледі

Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша есеп берді. Аудан басшысы өз баяндамасында өнеркәсіп саласының әлеуетін, ірі кәсіпорындардың аудан экономикасына қосып жатқан үлесін және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы инвестициялық жобаларды таныстырды.

Есепке сүйенсек, ауданда өнеркәсіп саласы бойынша 9 ірі кәсіпорын тұрақты жұмыс істеп келеді. Олар өңірде 2 800-ден астам азаматты жұмыспен қамтып отыр, жұмысшылардың 85 пайызы – жергілікті тұрғындар. Бұл кәсіпорындар мемлекет бюджетіне жыл сайын 10 миллиард теңгеге жуық салық төлейді. Оның 2 миллиард теңгесі – аудандық, 2 миллиард теңгесі – облыстық және 6 microcosms миллиард теңгесі республикалық бюджетке тиесілі.

Қазіргі таңда аймақта «Еврохим» компаниясының минералды тыңайтқыштар зауытының бірінші кезеңі (жылына 800 мың тонна күкірт қышқылы өндірісі) толық аяқталып, 320 адам тұрақты жұмысқа тұрды. Зауыттың екінші кезеңі ағымдағы жылдың соңына дейін бітеді деп күтілуде. Сонымен қатар, «Qazaq Soda» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан құны 188 миллиард теңгені құрайтын, жылына 500 мың тонна кальциленген сода өндіретін зауыттың құрылысы қарқынды жүруде. Нысан 2026 жылдың екінші жартыжылдығында толық іске қосылып, тағы 500 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.