Халықаралық акушерлер күні

Бүгін төл мерекелерін біздің өмірге келуімізге себепші болып, аяулы алақандарын алғаш созған кәсіп иелері атап өтуде.
20 жылдан астам уақыттан бері 5 мамыр Халықаралық акушерлер күні ретінде аталып өтеді. Бұл кәсіби мерекені тойлауда 1987 жылы Нидерландыда өткен конференцияда халықаралық акушерлер қауымдастығы ұсынған болатын. Араға 5 жыл салып, 1992 жылы кәсіби мереке ресми бекітілді. Бүгінде ол әлемнің 50-ден астам мемлекетінде кеңінен аталып өтеді.
Бұл мамандықтың маңыздылығын бағалау өте қиын. Өйткені ана мен баланың денсаулығы акушерлердің тәжірибесі, білім-білігіне тікелей байланысты.
Осы саланың барша өкілін төл мерекелерімен құттықтай отырып, өздеріне және науқастарына денсаулық тілеймін! Жұмыстарыңыз тек табыс пен өркендеу алып келсін.

Жанар Оспанова, Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы