ЗЕЙНЕТКЕ ҚҰРМЕТПЕН ШЫҒАРЫП САЛДЫ

Ауданда қажырлы еңбек етіп, ұзақ жыл мемлекеттік қызметті абыроймен атқарып, ауданымыздың өсіп-өркендеуіне өзіндік үлесін қосқан Мұқашов Оңласын Өзбекұлы 63 жасқа толды.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәкен Мамытов және аудандық мәслихаттың хатшысы Шаттық Мұсабеков зейнет жасына шығып отырған Оңласын Өзбекұлына құрмет көрсетіп, жылы лебіздерін арнады.

Мерейтой иесін «Сарысу ауданына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марпаттап, иығына шапан жапты.
Мұқашов Оңласын Өзбекұлы ауданымыздағы іргелі кәсіпорын «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің қызметкері, шаруа қожалығының, «Жаңатас» өндірістік копперативінің төрағасы, Жаңатас қаласы әкімі аппаратының бас маманы қызметтерін атқарды.
15 жылдан аса Жаңаарық ауылдық округінің әкімі болып қызмет етті.
Кейінгі жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы, Сарысу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2023 жылдың 19 наурызында өткен кезектен тыс ҚР Парламенті Мәжілісі және жергілікті мәслихаттар депутаттарының сайлауында №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Сарысу аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды.

Сарысу ауданы әкімдігі