ЕСКЕРТКІШКЕ QR-КОД ОРНАТЫЛДЫ

Былтыр обдыс әкімінің қолдауымен Сырым Датұлы жетекшілік еткен «Халық кеңесі» құрылтайы өткен жерге ескерткіш белгі орнатылған болатын. Осы ескерткішке жақында QR-код орнатылды.

Облысымыздың тарихи орындарын насихаттау мақсатында облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, ҚР мәдениет қайраткері, өлкетанушы Еркін Құрманбектің ұсынысымен Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығы мәдени-танымдық шара өткізді. Шараны орталық директоры Фархад Досмұратов ашып, ескерткішке онатылған QR-код арқылы ғаламтор желісі бар-жоқ болса да ескерткіш туралы нақты мәлімет оқуға болатындығын, жер иесімен қорғау міндеттемесі жасалғанын баяндады.

 

 

Азаттықты аңсаған тұлғалардың өткеніне үңілген жазушылар көп болса, соның бірі тәуелсіздік алған жылдардан кейінгі тұңғыш тарихи романның авторы Қажығали Мұхамбетқалиұлы еді. Жиырма жылға жуық осы тақырыпты зерттеген автор 2012 жылы аталған романды кітап етіп шығарды. 2014 жылы Қажығали Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» романы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.

 

М. Алиаскарова,

Ақтөбе облысының тарихи-мәдени мұраны зерттеу,

қайта қалпына келтіру және қорғау орталығының бас инспекторы, тарих ғылымдарының магистрі.