Ел қауіпсіздігі мен бірлігі – ортақ міндет

 

Экстремизм – қоғамның тұрақтылығына, елдің қауіпсіздігі мен ұлттық бірлігіне елеулі қатер төндіретін қауіпті құбылыс. Ол адамдар арасында алауыздық тудырып, заңсыз әрекеттер мен зорлық-зомбылыққа итермелеуі мүмкін. Осы себепті де радикализм мен экстремизмнің кез келген көрінісіне қарсы тұру – әрбір жауапты азаматтың, патриоттың ортақ міндеті мен азаматтық борышы болып саналады. Осы мақсатта Түркістан қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы балалалар кітапханасында жиын өткізілді. Қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін құқықтық сауаттылықты арттырудың мәні зор.

 

Жастардың бойында ұлттық құндылықтарды, дәстүрлі имандылық пен заңға деген құрметті қалыптастыру – деструктивті ағымдардың алдын алудың ең тиімді жолы. Бүгінгі таңда ғаламтордағы күмәнді ақпараттарға ермей, тек ресми әрі сенімді дереккөздерге сүйену, сапалы білім мен саналы тәрбие алу аса маңызды. Бейбітшілік, өзара сыйластық, ынтымақ пен татулық – біздің қоғамның ең басты құндылықтары. Ел ішіндегі ауызбіршілік пен заң үстемдігін нығайтып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бірге үлес қосайық. Экстремизмге тосқауыл қою арқылы біз еліміздің жарқын болашағы мен тұрақтылығын қамтамасыз ете аламыз.