Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды университеті  мектеп кітапханаларына кітап сыйлады

ЖОО ректорлары кеңесінің бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауылдық кітапханаларды, оның ішінде мектеп кітапханаларын қолдау жөніндегі жалпыреспубликалық акциясын қолдау мақсатында Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Қарағанды қаласының мектеп кітапханаларына 98 кітап берді.

 

 

Акцияның мақсаты — білім беру мекемелерінде оқитын жас ұрпаққа оқу мәдениетін насихаттау және мектептердің кітапхана қорын кеңейту арқылы жоғары азаматтық, рухани –адамгершілікті қалыптастыру болып табылады.

 

Жомарт Шаймұрат